Нұр-Сұлтанда Солтүстік жағалаудағы көшелердің бірі бір аптаға жол қозғалысы тоқтатылады

Астана. 21 сәуір. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда Солтүстік жағалаудағы көшелердің бірінде бір аптаға жол қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлады елорда әкімінің баспасөз қызметінен.
«Осы жылдың 21 сәуірінен бастап Қабанбай батыр даңғылынан Сарайшық көшесіне дейінгі учаскедегі Космонавтар көшесінде қозғалыс жабылды. Жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары осы жылдың 27 сәуіріне дейін жүргізіледі», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

adimage