Нұр-Сұлтанда коронавируспен күреске Т3 млрд астам мемқаржысы жұмсалады

Астана. 2 сәуір. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Нұр-Сұлтанда жеке қорғаныс заттарын, дезинфекция жасайтын заттарды, дәрі-дәрмекті сатып алуға Т11,5 млрд соманың 30%-ы жұмсалады, деді ҚР қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов.
«Өңірлерге мақсатты трансфертпен жеке қорғаныс заттарын, дезинфекция жасайтын заттарды, дәрі-дәрмекті сатып алуға Т11,5 млрд. бөлінді. Оның ішінде 30%-ы Нұр-Сұлтан қаласына бөлінді, Алматыға – Т1,4 млрд, Шымкентке – Т605 млн. бөлінді», - деді Шолпанқұлов бейсенбідегі брифингте.
Оның айтуынша, коронавирустың таралуына жол бермеу шараларын қаржыландыруға, сондай-ақ әлеуметтік маңызды тамақ өнімдеріне үкімет резервінен бүгінгі күні Т39,1 млрд. бөлінді.
Олардың ішінде, оның айтуынша, жүргізіліп жатқан эпидемияға қарсы шараларға Т23,4 млрд. бөлінді, оның ішінде жеке қорғаныс заттарын, дезинфекция жасайтын заттарды, дәрі-дәрмекті сатып алуға – Т20,6 млрд, тепловизорлар, зертхана құралдары мен коронавирусты жедел анықтайтын тест-жүйені сатып алуға – Т2,7 млрд. бөлінеді.
«Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға Т131 млн. бөлінді», - деді Шолпанқұлов.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бүгіннгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 423 жағдайы тіркеліп, 27-сі жазылып, үш адам көз жұмды.

adimage