Нұр-Сұлтанда көшелердің бірі үш күнге жабылды

Астана. 2 тамыз. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда көшелердің бірі үш күнге жабылды, деп хабарлады елорда әкімінің баспасөз қызметінен.
«Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Иманов көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстарын бастады.
Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 2-4 тамыз аралығында Иманов көшесінің Сембинов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығында автокөлік қозғалысы толығымен жабылатын болады», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылды.

adimage