Астана. 14 маусым. ҚазТАГ - Нұр-Сұлтанда күрестен өтетін Әлем чемпионаты-2019 бойтұмары бекітілді, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«14 қыркүйекте Қазақстан астанасында әлем чемпионаты-2019 басталады, ол алдағы Олимпиада ойындарына (Токиодағы – ҚазТАГ) лицензияланған болып табылады. Күрестен әлем чемпионатының бойтұмары ретінде Намыс қар барысы таңдап алынған. Намысқа қазақстандық жалау түстес спорт киімі кигізілген», - делінген жұмадағы хабарда.
Қар барысы – қазақ халқы мен оның ата-бабасының киелі белгісі, олар үшін осы жұмбақ және сирек кездесетін жануар тотемдік жануар және белгілі скив –алтай жануарлары стилінде орындалған бейнелеу өнері шығармаларының кейіпкері болып табылаы.
Еске салсақ, күрестен әлем чемпионаты 14-22 қыркүйек аралығында «Барыс-Аренада» өтеді. Токио-2020 олимпиадасына жолдама алуға әлемнің үздік деген мыңға жуық балуаны келеді. Барлығы Нұр-Сұлтанда күрестің үш түрі бойынша 108 олимпиада жолдамасы сарапқа салынатын болады.
Қатысты сілтемелер
-
Орман авиациалық жұмыстарды орындау үшін тікұшақтарды жалдауға Т4,9 млрд жұмсамақшы25 Сәуiр 2024, 13:40
-
Өзгелердің теріс ықпалына түспейтін өз идеологиямызға сүйенуіміз керек – Тоқаев25 Сәуiр 2024, 13:02
-
Қазақстан аумағының жартысын тасқын су басып қалды – Тоқаев25 Сәуiр 2024, 12:39
-
ҚХА сессиясы ауыр жағдайда өтіп жатыр, әйтседе ол бізге керек – Тоқаев25 Сәуiр 2024, 12:32