Нұр-Сұлтанда «Бәйтерек» ескерткішінің маңы түгелімен қоршауға алынды

Күні: 20:19, 12-06-2019.

Астана. 12 маусым. ҚазТАГ - Әмір Қасенов/Динара Халдарова. Нұр-Сұлтанда «Бәйтерек» ескерткішінің маңы түгелімен қоршауға алынды.
«ҚазТАГ» ХАА тілшісі хабарлағандай, «Бәйтерек" ескерткіші маңындағы барлық аумақ (саябақты қоса алғанда периметрі бойынша барлық аумақ) жылжымалы полицей шарбақтарымен қоршалған. Полицейлердің бір бөлігі қоршаудың сыртында, көбі қоршаудың ішінде жүр.
Жалпы, тілшіміз атап өткендей, «Бәйтерек» ауданында әзірге тыныш, ешқандай белсенділер немесе митингке шығушылар байқалмайды.
Бұған дейін хабарланғандай, «Бәйтерек» ауданында полицейлердің көптеп жиналуы байқалуда. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда «Жастар» жастар сарайы төртінші тәулік қоршауда тұр.
Еске салсақ, 9 маусымда Қазақстанда Нұр-Сұлтан мен Алматыда сайлау учаскелеріндегі көптеген бұзушылықтар мен митингке шыққандарды жаппай ұстау фонында президент сайлауы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңімпаз деп танылып, оны ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтті.
Алматы мен Нұр-Сұлтанда митингтер мен митингке шыққандарды ұстау 8-10 маусымда жалғасты. Елорда мен Алматы алаңынан осы күндер ішінде 700-ге жуық адамды алып кеткен.

#сайлау #қазақстан #алматы #президент #бұзушылық #қосанов #тоқаев #еқыұ #митинг #ұстау #полиция #қарсылық #қоршау #шәаж #оск #ортсайлаукомитеті #бару #бойкот


Жаңалықтармен бөлісу: