Нұр-Сұлтанда 6-16 мамыр аралығында бірқатар көшелер жабылады

Алматы. 6 мамыр. ҚазТАГ-6-16 мамыр аралығында Нұр-Сұлтанда бірқатар көшелер жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Нұр-сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Нұр-сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуде", - делінген бейсенбі күнгі хабарламада.

Сығанақ көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан бастап Сығанақ және Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысындағы көлік айрығына дейінгі бөлігінде, сондай-ақ Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі Қорғалжын тас жолы бойында жол төсемін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты ағымдағы жылғы 6-16 мамыр аралығында бұл учаскелерде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады.

"Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген бейінді басқарманың хабарламасында.

adimage