Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент ақша айырбастау пункттерінде доллар қымбаттады

Күні: 10:00, 12-09-2019.

Алматы. 12 қыркүйек. ҚазТАГ - Бейсенбіде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент ақша айырбастау пункттеріндегі мәліметтерге қатысты доллар бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Kurs.kz.
Нұр-Сұлтан ақша айырбастау пункттерінде 1 доллардың орташа сатып алу бағасы Т386,2, сатылым – 387,4 теңгені құрады.
Алматыдағы валюта айырбастау пункттерінде орташа есеппен 1 доллар 386,5 теңгеден сатып алынып, 388 теңгеден сатылуда.
Шымкенттің ақша айырбастау пункттерінде 1 доллар - Т386,6 теңгеден сатып алынып, сатылымы – 387,6 теңгені құрайды.
Қазақстан Ұлттық банкі сәрсенбіде АҚШ долларының ресми бағамы - Т386,34 құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: