Нұр-Сұлтан және Алматы айырбас қосынында доллар бағамы аздап арзандады, ал Шымкентте - өзгеріссіз

Алматы. 18 маусым. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан және Алматы айырбас қосынында доллар бағамы аздап арзандады, ал Шымкентте - өзгеріссіз, деп хабарлады Kurs.kz.
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т382,9, сату - Т384,4 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т383,6, сату – Т385,2.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатыл алу бағамы Т384, ал сату - Т385,5.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т383,43 құрайды.

adimage