«Нұр-Сұлтан» әуежайындағы ұшу-қону жолағы жоспарлы жөндеуге жабылады

Күні: 16:09, 11-09-2019.

Астана 11 қыркүйек. ҚазТАГ - «Нұр-Сұлтан» әуежайының ұшу-қону жолағы жоспарлы жөндеуге жабылады, деп хабарлайды халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі.
«Ағымдағы жылдың 13-30 қыркүйек аралығында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы 23 және 24 қыркүйектерді қоспағанда, сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін жабылады. Ұшу-қону жолағының жабылу мерзімі белгіленген уақыт кезеңіндегі ең аз рейстердің орындалуына байланысты анықталады, сондықтан ол рейстердің орындалуында ешқандай кедергі келтірмейді», - делінген хабарламада.
Әуежайдың баспасөз қызметі барлық мүдделі авиакомпанияларға шектеулер туралы хабарланғанын атап өтті.


Жаңалықтармен бөлісу: