Нұр-Сұлтан әуежайындағы атыс дерегі бойынша тергеу басталды

Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан әуежайындағы атыс дерегі бойынша тергеу басталды, деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы 3-бөлігі бойынша (денсаулыққа абайсызда жарақат келтіру) Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайдың полиция желілік бөлімінің тергеу бойынша бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деп хабарлаған көліктегі ПД  іске қатысты басқа ақпаратты айтудан бас тартты.  
Бұған дейін әлеуметтік желілерде 3 желтоқсан күні Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Ұшу сапарларын өрттен және апаттан құтқаруды қамтамасыз ету қызметінің (ҰӨАҚҚ) ғимаратында авиациялық қауіпсіздік қызметі инспекторы қару тексеріп жатқанда қару өздігінен атылып кетіп, үш инспектор жарақат алды деген ақпарат тараған еді.

adimage