Нұр-Сұлтан мен Ыстамбұл арасындағы әуе рейстері саны артады

Күні: 18:09, 16-05-2019.

Астана. 16 мамыр. ҚазТАГ - Нұр-Сұлтан мен Ыстамбұл арасындағы әуе рейстері саны артады, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлгінің азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың маусымынан бастап Air Astana қазақстандық әуе компаниясы Нұр-Сұлтан мен Ыстамбұл арасындағы әуе рейсінің санын аптасына  5-тен 6-ға арттырады. Қосымша рейстер А320 типті ұшақтарымен жүзеге асырылады», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Сонымен қатар, ААК ақпарынша, 2019 жылдың шілдесінен бастап Turkish Airlines түрік компаниясы Нұр-Сұлтан мен Ыстамбұл арасындағы әуе рейсін аптасына 5-тен 7-ге дейін арттырады.
«Осылайша, Қазақстан астанасы мен Түркияның ірі қаласы арасындағы рейстер саны аптасына 11-ден 13-ке көбейтілетін болады, бұл елдер арасына саяхаттайтын жолаушылар үшін қосымша жайлылық ұсынады. Turkish Airlines әуе компаниясының қосымша рейстері Б737 түріндегі ұшақтармен жүзеге асырылады», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: