Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 19:10, 16-05-2019.

Астана. 16 мамыр. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«17 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде түнде 3 градус үсік сақталады. Күндіз кей жерлерінде найзағай , оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қ: түнде 17 мамырда топырак бетінде 3 градус үсік сақталады. Көкшетауда 17 мамырда күндіз оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен екпіні 15-20 метр секунд жел тұрады», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«17 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с сақталады. Қызылорда қ.: 17 мамырда найзағай, дауыл, шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%», - деді «Қазгидрометтен».
17 мамырда Батыс Қазақстан обласының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%
«17 мамырда Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерінде найзағай болады, оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 17 мамырда күндіз найзағай болады, оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: