Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент бойынша ауа райы болжамы ұсынылды

Астана. 17 маусым. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент бойынша ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ауа райы болжамы. 18 маусымда: құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан 9-14 жел тұрады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10, күндіз +17+19. 19 маусымда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +8+10, күндіз +19+21. 20 маусымда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +8+10, күндіз +21+23», - делінген дүйсенбідегі ауа райы болжамында
Алматыда 18 маусымда құбылмалы бұлтты, түстен кейін өткінші жаңбыр жауады, найзағай. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +14+16, күндіз +27+29. 19 маусымда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай. 2-7 жел тұрады, найзағай кезінде екпіні 12 м/с болады. Түнде +15+17, күндіз +27+29. 20 маусымда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +15+17, күндіз +27+29.
«Шымкент қаласы бойынша ауа райы болжамы. 18 маусымда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Түнде +17+19, күндіз +31+33. 19 маусымда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +17+19, күндіз +30+32. 20 маусымда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +15+17, күндіз +30+32», - деді синоптиктер.

adimage