Астана. 11 тамыз. ҚазТАГ - Михаил ЛитвинТүркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Михаил Литвин Түркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды», - делінген хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, ол 400 метрлік финалдық жарыста жеңіске жетті. Спортшы қашықтықты 45,36 секундта бағындырды.
Айта кету керек, алдын ала раундта Михаил Литвин Қазақстанның рекордын орнатты, ол қазір 44,94-ке тең.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26