Мерке – Бурылбайтал автожолын қайта жаңарту жобасын аяқтау 2022 жылға жоспарланған

Күні: 17:16, 16-05-2019.

Астана. 16 мамыр. ҚазТАГ - Мерке – Бурылбайтал автожолын қайта жаңарту жұмыстарын 2022 жылы аяқтау жоспарлануда, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен (ИИДМ).
«Жамбыл облысында Мерке-Бурылбайтал автожолын (7-273 ш) қайта жаңарту жобасын жүзеге асыру басталды (…). Жобаны толық аяқтау 2022 жылғы маусым айына жоспарланған», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Ведомствода атап өткендей, ұзындығы 262 км «Меркі-Бурылбайтал» автожолын қайта жаңарту 4 учаскеге бөлінген. Оның ішінде Меркі кентінен Шу қаласына дейінгі 86 км жол учаскесі 4 жолақты қозғалысы бар І-ші техникалық санатқа жатады.
«Ал, Шу қаласынан бастап Бурылбайтал ауылына дейінгі 176 шақырымды құрайтын қалған 3 учаскеде 2 жолақты II-ші техникалық санаттағы жол жасалады. Толығымен жаңартылған автомобиль жолы Тәтті, Шу, Бірлік елді мекендері арқылы өтеді. Қайта құру жобасы аясында күре жолдың бойында 6 көпір, 3 темір жол өткелі, 11 жарықтандырылған көлік айрығы, 276 су өткізу құбырлары, демалыс алаңдары, автопавильондар салынады. «Меркі-Бурылбайтал» автожолына төзімділігі жоғары қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон төселеді», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: