Мемшекарадан заңсыз өткен екі этникалық қазақты Қытайға береміз – ҰҚК

Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен екі этникалық қазақты Қытайға береміз, деп мәлімдеді ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары - ҚР ҰҚК шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов.
«Ал мақұлданған құжат статусы бар қолдағы келісім бойынша сот, сондай-ақ барлық қылмыстық жауапкершілік аяқталысымен біз аталмыш азаматтарды Қытай Халық Республикасы ма әлде басқа мемлекет пе, келген елдеріне береміз. Яғни бұл жағдайда біз шекара өкілдері қызметінің желісі бойынша Қытай Халық Республикасына қайтарамыз. Ол жақта сәйкесінше көрші-мемлекеттің әрекетіне байланысты. Сондықтан олардың осында қалуға мүмкіндіктері жоқ, тіпті олар осында жүрсе де», - деді Ділманов ҰҚК баспасөз қызметіндегі сұхбатында Қытайдан Қазақстанға саяси қорған іздеп қашқан этникалық қазақтар – ҚХР екі азаматына қатысты жағдайға берген түсініктемесінде.
Ол этникалық қазақтардың Қазақстанда заңсыз жүруіне «мүлдем мүмкіндіктері» жоғын атап өтті.
«Жоқ, бірауыздан олай (осы жерге заңдастыру – ҚазТАГ) болмайды. Біз әрекет етеміз, және өте қатал әрекет етеміз», - деп мәлімдеді ҰҚК төрағасының орынбасары.
Сонымен қатар, ол шекарадан заңсыз өткен этникалық қазақтарға қатысты сот тыңдалымы өтетін күн туралы пікірімен бөлісті.
«Бізде жүрген азаматтарға қатысты мәліметке келер болсақ, ҚХР екі азаматы, олар тергеуде, Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің (ПД) тергеу изоляторында. Процессуалдық сипаттағы барлық шара аяқталды. Мен ойлаймын, жақында, мүмкін желтоқсан айында сот болатын шығар. «Мемлекеттік шекараны заңсыз бұзу» бабы бойынша сот. Бұл бап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде бар. Ол үшін тиісті жаза да тағайындалады», - деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.
Оның айтуынша, шекарадан екі этникалық қазақтың заңсыз өту дерегінен кейін шекара қызметінде «мемлекеттік шекараны берік күзету» деп айтып жүрген мемлекеттік шекараны күзету жүйесін қайта қарау басталды.
«Алайда мен шекараны заңсыз бұзып, Қазақстан Республикасы аумағында түк болмағандай жүре береміз деп ойлайтындарға мынаны айтқым келеді. Біріншіден, олардың жұмысқа орналасуда қиындықтары болады. Екіншіден, бұл басқа сипаттағы проблемалар, олармен де бетпе-бет келеді. Бұл дегеніңіз медициналық қамту, қандай да білім алу, жеңілдік алу, басқа да да бағыттар. Бәрібір ерте ме, кеш пе кімнің, қашан заңсыз келгенін және не үшін келгенін анықтаймыз. Біз олар ерте ме, кеш пе табылады деп батыл мәлімдейміз. Олар тиісінше қылмыстық жауапқа тартылады», - деп ескертті Ділманов.
Еске салсақ, 14 қазанда ҚазТАГ ХАА Кастер Мусаканұлы мен Мурагер Алимулы – этникалық қазақтар, Қытай азаматтары, 1 қазанда шекарадан заңсыз өткендер деп хабарлаған еді. Оладың айтуынша, олар қытайлық биліктің этникалық азшылықты қудалауынан қашып келген. 10 қазанда олар билікке беріліп, өз жағдайларын айтып, Қазақстаннан саяси қорған сұрау үшін Алматыға жеткен. Кейін екеуі де қамауға алынды.
19 қарашада Нұр-Сұлтандағы Ұлттық баспасөз клубының баспасөз-мәслихатының кулуарында Ақмоланың адвокаттар алқасының адвокаты Ляззат Ахатова Қытайдан қашқан этникалық қазақтар Кастер Мусаканулы мен Мурагер Алимулы депортацияланған жағдайда оларды өлім жазасы күтіп тұрғанын айтты. Оның айтуынша, оларды Қазақстанда тағылып отырған айып бойынша депортация, бас бостандығынан айыру немесе айыппұл төлеу жазасы күтіп отыр.

adimage