Мемлекетке қайтарылған «Сарыарқа» хоккей клубы Нығматулин әулетімен байланысты болып шықты

Қарағанды. 12 шілде. ҚазТАГ – Мемлекетке қайтарылған «Сарыарқа» хоккей клубы ағайынды Нұрлан, Ерлан және Арғын Нығматулиндермен байланысты болып шықты, деп жазады Nege.kz.

«Сарыарқа» клубы бұған дейін Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинмен байланысты болған. Оны клубтың негізін қалаушы деп айтады. 2018 жылы директор қызметінен кеткеннен кейін оның «мәңгілік» тәлімгері әрі кеңесшісі болып қалды», - делінген жұмадағы хабарда.

Нұрлан Нығматулин мәжіліс спикері қызметінен 2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін кеткен болатын - ол 2016 жылдан бастап парламенттің төменгі палатасын басқарған, бұл оның екінші рет тағайындалуы еді, оған дейін 2012-2014 жылдары мәжіліс спикері болған. Әр жылдары ол президент әкімшілігін басқарған, Қарағанды облысының әкімі болған.

Ерлан Нығматулин – Нұрлан Нығматулиннің сыңары- ол да депутаттық қызмет атқарған, оның үстіне мәжілісте де, сенат та да жұмыс жасаған.

Арғын Нығматулин – олардың ағасы, Қарағанды облысы мәслихатының бұрынғы депутаты.

Ағайынды Нығматулидерге қарсы рейдерлік басып алу, қылмыстық құрылымдар мен схемаларға қатыстылық, қылмыстық істер ұйымдасытру секілді бірнеше мәрте айыптаулар айылған еді, дегенмен екеуі әлі күнге дейін бостандықта жүр.

Еске салсақ, бұған дейін «Әділдік жолы» АҚ атқарушы директоры Дидар Смағұлов, ол бірнеше жыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте басшылық лауазымдарды атқарған, басып алу туралы сұрақтарға жауап бере келіп, табысты бизнестің жойылып, соған ұқсас басқа бизнес түрінің Нығматулиндерде пайда болып отырғанын мысал ретінде келтірген еді.

adimage