Мембюджетті игермеу бойынша көш бастап тұрған Қазақстан өңірлері аталды

Астана. 14 қыркүйек. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Мембюджетті игермеу бойынша көш бастап тұрған Қазақстан өңірлері аталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Т7 млрд. игерілген жоқ. Мембюджетті игермеу бойынша келесі өңірлер көш бастап тұр: Алматы – Т2,2 млрд, Түркістан облысы – Т1 млрд, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары – Т0,8 млрд-тан», - деп мәлім етті премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смаилов дүйсенбіде «2019 жылдың тоғыз айы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің орындалуы туралы» мәселе жөніндегі үкімет отырысында.
Сонымен қатар, ол хабарлағандай, жергілікті бюджет шығындары Т4,165 трлн. құраған, орындалмағаны– Т29 млрд.
«Есепті кезеңде өңірлерге Т1,71 трлн. сомаға мақсатты трансферт бөлінді. Жергілікті деңгейде олар 99%, немесе Т1,6 трлн. игерілді. Орындалмағаны - Т11 млрд, оның ішінде Т4 млрд – бюджет қаражатын үнемдеу», - деп атап өтті Смаилов.

adimage