Мемайыптау ҚР бұрынғы энергетика вице-министрі Шкарупаны 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады

Күні: 13:23, 18-01-2021.

Қарағанды. 18 қаңтар. ҚазТАГ –  Қазақстан бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның ісі бойынша сот тараптардың жарыссөзіне көшті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Қарағандыда Қазыбек би атын. аудандық сот отырысында дүйсенбі күні мемлекеттік айыптау соттан Шкарупаны 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.  
Қазір сот үзіліске кетті.  
Еске салсақ, 24 қарашада энергетика вице-министрі А.Шкарупамен «ТҮКШ даму қоры» АҚ басқармасының экс-төрағасы Қайсар Байдалы Қарағанды облысы Сарань қаласында жылу есептегіш құралын қондыру және сатып алуға бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған деген күдікпен ұсталған еді. Әңгіме Т215 миллион сома жайында.
2019 жылдың 16 қарашасында адвокат Хамида Айткалиева Шкарупаны қамауда ұстау мерзімінің аяқталғанын, ал  жаңа бұлтартпас шараның әлі тағайындалмағанын айтқан еді.  
2020 жылдың 15 маусымында Шкарупа үй қамағына жіберілді.  


Жаңалықтармен бөлісу: