Алматы. 1 ақпан. ҚазТАГ – Мекке мен Медина қаласына жолдама алған 50-ге жуық азамат алаяқтарға алданды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсынан.
«Мекке мен Медина қаласына жолдама алған 50-ге жуық азамат алаяқтарға алданды. Полиция зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды», - деп хабарлады сейсенбі күні.
26 қаңтарда Еңбекші АПБ-ға алаяқтық жайты бойынша ерлі-зайыптылар арызданды.
«Күйеуі мен әйелі қасиетті мекен Сауд Арабиясына баруға “Каусар-травел” туристік агенттігі жолдама уәде еткенін жеткізді. Олар өз қызметін 1 млн теңгеге бағалаған. Алайда, 13 қаңтарда шетелге ұшу керек болған ерлі-зайыптылар уәде етілген әуе билеттері мен елден шығу визасын ала алмаған. Компания директоры қоңырауларға жауап бермей, жұмыс орнына іздеп барғанда ол жерде болмай шыққан. Осындай арыздармен полицияға аталған турагенттіктің алаяқтық құрбаны болған тағы 48 адам жүгінді. Олар Шымкент және Алматы қаласының тұрғындары. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 33 миллион теңгені құрады», - деп нақтылады құқыққорғаушылар.
Полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және тәртіп сақшылары белгісіз бағытта жасырынған компания директорын іздестіруге кірісті.
«Оны іздеуге бес күн қажет болды. Жедел іс-шараларды өткізу барысында Еңбекші АПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері ер адамның Алматыда жасырынып жүргенін анықтады. Ол Медеу АПБ-ның әріптестерімен бірге жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталды. Қазіргі таңда күдікті сот шешімімен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп нақтылады полицейлер.
Қатысты сілтемелер
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08
-
Көкшетауда 113 тұрғын уақытша пункттерге эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 15:51
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады29 Наурыз 2024, 15:00
-
Бектенов депутаттардың «Отбасы банкіне» қатысты сынына жауап берді29 Наурыз 2024, 14:51
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53