Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды

   Астана.1 желтоқсан.ҚазТАГ- Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
   «Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды»,- делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
   Сұлтанғазиев 2022 жылғы 11 маусымнан бері Алматы облысының әкімі қызметін атқарып келді, бұған дейін 2022 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

adimage