Мамин ҚХП мен «Ақ Жолдың» «қолдауының болмағанына» қарамастан премьер болды

Астана. 15 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан халық партиясы (ҚХП) Асқар Маминнің премьер-министр лауазымындағы кандидатурасын қолдаудан бас тартты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Президент мырза, бүгін ҚХП фракциясы сіздің Мамин Асқар Ұзақбайұлының премьер-министр лауазымын және министрлер кабинетінің мүшелерін сақтау туралы ұсынысыңызды қолдай алмайды және дауыс беруден қалыс қалады», - деп мәлімдеді ҚХП көшбасшысы Айқын Қоңыров жұмадағы мәжілістің алқа отырысында.
ҚХП басшысы президентке «Еститін мемлекет» бастамасын айта келе, сайлаушылардың үкімет те, жергілікті атқарушы органдардың да «өз жұмыстарына немқұрайлы қарайтын болған» деген арыздарын жеткізді.
«Саннан тұратын есептерінің артында халық пен олардың проблемасын көрмейтін болған. Министрлер мен кей әкімдер халықтан қашықтап кетті, бұның арты түсінбеушілікке, кей жағдайда азаматтар тарапынан ашуға, әлеуметтік толқуға алып келеді», - деді Қоңыров.
Дауыс беруден «Ақ Жол» партиясының фракциясы да қалыс қалды, дегенмен мұның барлығы Маминге бірнеше сағат «міндетін атқарушы» болғаннан кейін қайтадан премьер болуына кедергі болған жоқ.
Еске салсақ, 14 қаңтарда Қазақстан тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын қолдаған болатын.

adimage