Маңғыстау облысы ҰҚК шекара қызметінің әскери бөлімінде үш көлік тұрған гараж өртеніп кетті

Ақтау. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Маңғыстау облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекара қызметінің әскери бөлімінде үш көлік тұрған гараж өртеніп кетті, деп хабарлады «Тумба».
«Түпқараған ауданы Баутино ауылында Маңғыстау облысы ҚР ҰҚК ШҚ жағалау күзеті департаментінің 2-ші дивизионының әскери бөлімінің аумағында гараж бен ондағы барлық арнайы техника өртеніп кетті. Өрт алаңы 144 ш.м. құрады. Өртті сөндіруге «Енка» фирмасының және «Түпқараған су жүйесі» күші жұмылдырылды», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, зардап шегушілер жоқ.
«Өрт шығу себебі мен келтірілген шығындарды кезекші тергеушілер анықтауда», - делінген хабарда.

adimage