Мәжілісте 76 мандатты Қазақстандағы басқарушы партия иеленді

Күні: 18:52, 12-01-2021.

Астана. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – Бибіхан Серікова. Мәжілісте 76 мандатты «Нұр Отан» партиясы алды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Депутаттық мандаттар келесідей болып бөлінді: «Нұр Отан» партиясы – парламентте 76 орын, «Ақ жол» – 12, Қазақстан Халық партиясы – 10», - деді сейсенбідегі брифингте Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Ол сондай-ақ 10 қаңтарда өткен сайлаудың қорытындысын жария етті.
Соңғы қорытындыға сәйкес, Қазақстан Халық партиясы 9,10% дауыс жинады, «Нұр Отан» – 71,09%, «Ауыл» – 5,29%, «Адал» – 3,57%.
Осылайша, мандаттар жеті пайыздық шектен өткен партиялар арасында бөлінді.
«Хаттамаға сәйкес, сайлаушылар саны 11 млн 919 мың 241 сайлаушыны құрады. Бюллетеньдерді 7 млн 539 мың 280 адам немесе 63,25% адам толтырған. Зсаяси партияларға 7 млн 241 мың 562 дауыс берілген», - деді Петров.
Еске салсақ, партиялық тізім бойынша мәжіліс сайлауы 10 қаңтар күні барлық өңірде жергілікті уақыт бойынша 7.00-ден 20.00-ге дейін болды.
Exit poll ақпарынша, жеңісті сондай-ақ Nur Otan партиясы иеленді, екінші орында «Ақ Жол» демократиялық партиясы орнықты, үшінші орында – Қазақстан Халық партиясы. 11 қаңтарда Қазақстан Халқы ассамблеясынан мәжілістің VII шақырылымының депутаттары да белгілі болды.
Сайлау кезінде бақылаушылар мен белсенділерге көптеген қысым көрсету фактілері орын алды. Мәселен қысым көрсетіліп жатқаны туралы Жас сайлаушылар лигасының бақылаушылары, «Ел дауысы» қоғамдық қоры, Q-Adam азаматтық бастама қорынан хабарлады.
Сонымен қатар Алматыда митингке шыққандарды күш құрылымдарының аязда ұстап тұрғаны белгілі болды, оның ішінде емізулі баласы бар ана да жүр. Күш құрылымдары бірнеше сағат бойы ұстаған екі адамды үсік шалып, олар ауруханаға жеткізілген.
Мәжіліс сайлауы кезінде тағы да қандай мәселелер туындағаны және бұзушылықтардың орын алғаны туралы ҚазТАГ агенттігінің тиісті материалдарынан оқи аласыздар.


Жаңалықтармен бөлісу: