Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері үшін тәжірибеден өту мерзімін екі жылға дейін ұзарту керек, деп санайды мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова.
«Педагогикалық әдістемесі бар педагогикалық мамандық студенттерінің теориялық білімін ұштастыру мақсатында педтәжірибені екі айдан екі жылға дейін ұзартуды ұсынамыз, яғни, үшінші және төртінші курста міндетті бірыңғай үздіксіз педагогикалық тәжірибеден өтетін болады», - деді Сүлейменова сәрсенбідегі мәжіліс отырысында.
Сонымен қатар, ол түлектердің пәндік білімін тәуелсіз тексеруді енгізуді ұсынды.
«Көп жылдық тәжірибе көрсетіп отырғандай, педагогикалық ЖОО-лардың түлектерінің көбінің пәндік және әдістемелік білімдерінің деңгейі жеткіліксіз. Бұл ретте дербес негізде және академиялық шындық қағидасында педагогикалық ЖОО түлектерінің пәндік білім деңгейін тексерудің механизмін ойластыру керек», - деді ол.
Қатысты сілтемелер
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34
-
Экс-министр Асхат Оралов президент әкімшілігінің меминспекторы болды28 Наурыз 2024, 16:03