Лукашенко Ресейдің Беларусияға қазақстандық мұнайды сатып алуына тиым салуын оғаш қылық деп атады

Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Белорусиялық президент Александр Лукашенко Ресейдің Беларусияға қазақстандық мұнайды сатып алуына тиым салуын оғаш қылық деп атады, деп хабарлады БелТА.
«Мүмкін, Қазақстан бізге мұнайын жеткізер, егер Ресей онымен келіссе. Қызық: біздің одақтасымыз басқа бір одақтасымыздан мұнайдың жеткізілуіне келісіміін бермей отыр. Мұнай жеткізіліміне қатысты жағдай қазір осындай, және біз оны шешуіміз керек», - деді Лукашенко сейсенбі күні Минскіде экспортқа мұнай өнімдерін сатудың тиімділігін арттыру мәселесі туралы жиында.
Оның айтуынша, «қазір ресейлік мұнайдың жеткізілуіне толық көлемде балама жоқ».
«Бірақ, біз келіскендей, бізге әртараптандырылу керек. РФ-дан мұнайдың 30-40% сатып алуға жетуіміз керек, 30%-ын Балтикадан әкелеміз, 30%-ын Украина арқылы әкелеміз – тексерілген жол», - деді Лукашенко.

adimage