Қазақстанда өңірлік онкологиялық орталықтар сәулелік терапияға арналған жабдықпен жабдықталады

Алматы. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – Он өңірлік онкологиялық орталық сәулелік терапия құрал-жабдығымен жабдықталады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Республикалық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде Республика Үкіметімен бекітілген 2018-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында қатерлі ісікпен күресу жөніндегі Кешенді жоспарға сәйкес Астанадағы Ұлттық онкологиялық зерттеулер орталығы радиотерапия және протон терапиясына арналған жабдықпен, сондай-ақ 10 өңірлік онкологиялық орталықпен сәулелік терапия машиналарымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, 2018 жылғы 11 желтоқсанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Varian Medical Systems International AG» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Хабарда айтылғандай, «аталмыш келісімді жүзеге асыру Қазақстанда сәулелік терапияға қолжетімділікті барынша кеңейтуге және қазақстанықтардың өмір жасының ұзаруына ықпал етеді».

adimage