Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 1,5 млн асты

Алматы. 9 сәуір. ҚазТАГ - Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 1,5 млн асты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Түрлі тақырып бойынша нақты уақыттағы есептеулер мен статистиканы жариялайтын worldometers.info веб-сайтының анықтамасындағы ақпарға сәйкес, материал дайындалып жатқанда әлемде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 518 719 жағдайы анықталған, 88 502 адам көз жұмған және 330 589 адам жазылған.
Коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша, АҚШ (435 128 ауру жұқтырса, 14 795 көз жұмған) көш бастап тұр, екінші орында – Испания (сәйкесінше 148 220, 14 792), үшінші орында – Италия (сәйкесінше 139 422, 17 669), төртінші орында – Германия (сәйкесінше 113 296, 2349), бестікті Франция (112 950, 10 869) аяқтап тұр.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин шаралары күшейтілді. 3 сәуірде мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жұмыссыз режимді 6 сәуірден 13 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа карантин режимі Шымкентте 4 сәуір сағат 21.00-ден бастап енгізілді. 6 сәуірде Тоқаев екі отандық ғылыми институттың ұжымын коронавирусты анықтауға арналған өзіміздің диагностикалық тест-жүйемізді ойлап табуларымен құттықтады
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 759 жағдайы тіркеліп, 54-і жазылып, жеті адам көз жұмды.

adimage