КВИ-ге қарсы екпе алғандар еркін жүріп-тұру туралы электоронды төлқұжат алады – Цой

Астана. 19 қаңтар. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Коронавирусты инфекцияға қарсы екпе алғандар еркін жүріп-тұру туралы электронды төлқұжат алады, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
«Жүйеленген есеп үшін епенің электронды төлқұжаты әзірленді. Екпе жүргізілгені туралы ақпарат министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде электронды форматта жүргізіледі. Жүйе жаһандық ақпараттық жүйемен жұмыс жасауға қабілетті және барлық екпе алғандарға сұраған жерлері бойынша және еркін жүріп-тұру үшін ақпарат ұсынуға мүмкіндік береді», - деді Цой.
Ол атап өткендей, пациенттер мәліметті  M-gov мобильді қосымшасы арқылы қолмен, ал медицина қызметкерлері web-қосымшасы арқылы енгізе алады.

adimage