КШТТО негізін қалаушылардың бірі «Зерде» ұлттық холдингінің басшысы болып тағайындалды

Астана. 13 тамыз. ҚазТАГ – «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ басқармасының төрағасы тағайындалды, деп хабарлады «Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығынан» (КШТТО).
«Арман Абдрасилов – КШТТО негізін бірге қалаушы және GR-Director – цифрлық даму министрлігінің («ҰАТ» АҚ, Astana HUB) ІТ-активтерін басқарушы «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды. Тиісті құжатқа бүгін қол қойылды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Абдрасилов КШТТО директоры қызметін 2014 жылы құрылғаннан бері атқарып келеді.

adimage