Кристина Овчинникова Түркиядағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүлдегер атанды

Астана. 12 тамыз. ҚазТАГ - Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Кристина Овчинникова Түркиядағы Ислам ынтымақтастығы ойындарының жүлдегері атанды, деп хабарлады ҚР ҰОК.
Ол биіктікке секіруде тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Спортшының нәтижесі 1,87 метрді құрады.
Үш қарғып секіруден Мария Ефремова 13,84 метр көрсетіп, бесінші орында аяқтады.

adimage