Кешкі KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,39-ға өсіп, Т376,78/$1 дейін жетті

Алматы. 17 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы дйсенбіде Т376,78/$1 құрады. Жұмадағы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,39-ға түсті
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т376,3 – Т377,1 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $66,8 мың болды.

adimage