KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,35-ке түсіп, Т432,66/$1 болды

Алматы. 30 қазан. ҚазТАГ – Жұмадағы жағдай бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т432,66/$1 болды.
Бейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,35-ке өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т432,44 – Т432,89 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $119,781 млн болды.

adimage