KASE сауда-саттығында теңгенің орташа бағамы Т0,11-ге өсіп, 420,24/ $1-ге дейін жетті

Алматы. 19 қаңтар. ҚазТАГ - Сейсенбіде Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 420,24 теңгені/$1құрады. Өткен дүйсенбідегі сауда-саттыққа қатысты доллар Т0,11-ге арзандады.
KASE деректері бойынша теңгенің бағамы 419,65 теңгеден 421,66/$1 аралығында тіркелген.
Сауда-саттық көлемі $89 732,4 мың құрады.

adimage