KASE индексі жұмада 0,28%-ға түсіп, 2293,95-ке жетті

Күні: 17:48, 22-05-2020.

Алматы. 22 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,28% -ға 2300,49-дан 2293,95-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда үш есе төмендеп, Т93,8 млн. немесе $227,1 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,01%), «KEGOC» АҚ (+0,6%) және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+2,3%) акцияларының бағасы өсті.
Ал KAZ Minerals PLC (-3,2%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,9%), «Кселл» АҚ (-0,1%), «Қазақтелеком» АҚ (-0,4%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,1%) акцияларының бағасы түсті.


Жаңалықтармен бөлісу: