KASE индексі сейсенбіде 0,1%-ға өсіп, 2325,75-ке жетті

Алматы. 2 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,1% -ға 2323,48-ден 2325,75-ке дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 64,7% түсіп, Т203,2 млн. немесе $497 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан Халық банкі» (+1,9%), «Кселл» АҚ (+0,8%) және «KEGOC» АҚ (+0,5%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,3%), KAZ Minerals PLC (-0,4%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ (-0,9%), «Қазақтелеком» АҚ (-0,7%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,7%) акцияларының бағасы түсті.

adimage