KASE индексі дүйсенбі күні 0,48%-ға түсіп, 2463,1-ге жетті

Күні: 19:28, 21-09-2020.

Алматы. 21 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,48% -ға түсіп, 2474,99-дан 2463,1-ге дейін жетті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 19,2% өсіп, Т39,7 млн. немесе $94,3 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Кселл» АҚ (+0,3%), «KEGOC» АҚ (+0,2%) және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+0,6%)акцияларының бағасы өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,3%), KAZ Minerals PLC (-2,2%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,6%), «Қазақтелеком» АҚ (-0,4%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,6%) акцияларының бағасы түсті.


Жаңалықтармен бөлісу: