Карантин режимі тағы екі аптаға созылады, мұқтаж жандарға 42500 теңге әлеуметтік көмек төленеді – Тоқаев

Астана. 13 шілде. ҚазТАГ – Карантин режимі тағы екі аптаға созылады, мұқтаж жандарға 42500 теңге әлеуметтік көмек төленеді, деп хабарлады Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет», - деп жазды Тоқаев дүйсенбі күні Twitter парақшасында.
Оның айтуынша, «ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор».
«Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді», - деді президент.

adimage