Кабулдегі білім орталығындағы жарылыстан 25 адам мерт болып, 35-і зардап шекті

Алматы. 15 тамыз. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Ауғанстанның батысында орын алған жарылыс салдарынан 25 адам мерт болып, 35-і зардап шекті, деп жазады ТАСС.  
Pajhwok агенттігі қауіпсіздік құрылымындағы дереккөзіне сілтеме жасаған хабарында айтылғандай, жанкешті-лаңкес жергілікті білім орталығы маңында Дашт-е-Барчи ауданында 18-ші полиция округінде өзін жарып жіберген.
«Мерт болғандардың барлығы студенттер», - делінген хабарда.
Елдегі бірде-бір экстремистік топ орын алған жәйт үшін жауапкершілікті өздеріне алған жоқ.  


adimage