Көп балалы аналардың Астана әкімімен кездесуі аяқасты митингке ұласып кете жаздады

Астана. 15 ақпан. ҚазТАГ – Жүзден аса көпбалалы ана «Астана» концерт залында «ашық есік күндері» аясында елорда әкімі Бақыт Сұлтановпен кездесуге келді, кездесу аяқасты митингке ұласып кете жаздады, деп хабарлады оқиға орнынан ҚазТАГ тілшісі.
Астанадағы көпбалалы отбасыларға қатысты жағдай кәмелетке толмаған бес баланың өрттен қаза табуынан кейін орын алды, олар ата-аналарымен уақытша жайда тұрып келген. Түнде өрт шыққанда балалардың ата-аналары жұмыста болған.
«Бізге 15 ақпанда мәселе шешіліп, біздің сауалдарымызға жауап береді деп уәде берген еді. Енді бүгін бізге екі айдан кейін келіңіздер деді. Егер 15 ақпанға дейін шешпеген болса, онда екі айдан кейін де ештеме шешпейді. Тұрғын үй мәселесі бойынша келіп едім, пәтер керек» - деді ҚазТАГ-қа көп балалы ана Жанна Жұмабаева.
Жағдайды ҚазТАГ-қа Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Талғат Рахманберді түсіндіріп берді.
«Брінші кезекте азаматтардан атаулы –әлеуметтік көмек алуға қатысты сұрақтар келіп түседі, сосын жұмысқа орналастыру, тұрғын үй, балабақша, мектеп және басқа әлеуметтік мәселелер туралы сұрақтар келіп түсуде. Бүгін «Астана» концерт залында жүзге жуық адам қабылданды», - деді Т. Рахманберді.
Ол «әрқайсысы өз сұрағына нақты жауап алады» деп мәлімдеді. «Біз қандай да бір шешім мен шара қабылдау үшін азаматтарды тиісті меморганға жібереміз. Бірінші кезекте атаулы-әлеуметтік көмекті рәсімдеу бойынша, себебі әр тұрғынның құжаттарына қатысты проблемалары бар», - деп түсіндірді Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары.
Бұл ретте ол атап өткендей, «көпбалалы аналарға үй беру мерзімі әзірге нақты белгісіз». «Шамамен екі айдан кейін отырыс өткесін комиссия нақты уақытын атайды» - деп уәде берді Т. Рахманберді.
Қайғылы жағдайдан кейін Астана әкімдігі демеушілер есебінен уақытша жайлар мен жеке үйлерде газ талдауыштар орнату туралы шешім қабылдады. Әкімдік бюджеттен қаржы қарастырып, апатты және ескі үйлерді сүру бағдарламасына қаланың шетіндегі үйлерді қосуға ниетті. Сонымен қатар, көпбалалы отбасы мүшелерін табысы барынша жоғары жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі қарастырылуда. Ал біліктілігі жеткіліксіз болған жағдайда оны қалада басымдыққа ие болатын ары қарай жұмысқа орналастыру мүмкіндігімен арттыруды қамтамасыз ету жоспарлануда.
Әкімдік ақпарынша, Астанада төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасы саны 10 мыңнан асады.
.

adimage