Көмір саласы ҚР Энергетика министрлігінен ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне берілуде

Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ - Көмір саласы ҚР Энергетика министрлігінен ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне берілуде, делінген энергоминінің хабарында.
«2018 жылғы 29 маусымда күшіне енген Қазақстан Республикасының «Жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне сәйкес қазіргі уақытта көмір саласы мемлекеттік саясатын Энергетика министрлігінен Инвестициялар және даму министрлігіне берілуде», - делінген сейсенбіде энергетика министрлігінің хабарында.
Көмір саласы мәселелерін беруге байланысты өту кезеңінде Энергетика министрлігі және Инвестициялар және даму министрлігі «2018-2019 жылдардағы жылыту кезеңіне дайындыққа, оның өтуіне мониторинг және электрстанцияларын, коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықты көмірмен қамтамасыз ету жөніндегі штаб құру туралы» бірлескен бұйрықты қабылдады.
«Бұйрық шеңберінде бірқатар мәселелер бекітілді. Энергетика министрлігі күн сайын: 2018-2019 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындыққа және оның өтуіне; еліміздің электр станцияларындағы нормативтік отын қорының жинақталуына мониторингті қамтамасыз ету бекітілген», - делінген.
«Инвестициялар және даму министрлігі апта сайын: көмір өндіруші ұйымдардан көмірдің шығарылуына және тиеп-жөнелтуіне; коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халыққа көмірді тиеп-жөнелтуіне; берілген өтінімдерге сәйкес көмірді тиеуге арналған вагондармен қамтамасыз ету бойынша шараларды қолдана отырып, электр станцияларға, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар мен халыққа көмір тасымалдауға апта сайынғы мониторингті қамтамасыз етеді», - делінген хабарда.
«Жергілікті атқарушы органдар апта сайын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне аудандар (әкімшілік бірліктер), соңғы тұтынушы үшін көмірдің сатылу бағасы, жақындағы 15 күнге көмір жеткізу жоспары бойынша бөле отырып, өңірлердегі коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа арналған көмір қоры бойынша ақпаратты ұсынады», - делінген хабарда.



adimage