Көкшетауда Газельді тексеру барысында 34,5 мың қорап контрабандалық темекі табылды

    Көкшетау. 24 маусым. ҚазТАГ-34,5 мың қорап контрабандалық темекі Көкшетауда "Газельді" тексеру барысында табылды, деп хабарлайды Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі.
   "Заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді Ақмола облысы бойынша ҚМА аумақтық департаменті бастады. "ГАЗель" маркалы автокөлікті тексеру барысында акциздік таңбасыз 34,5 мың қорап темекі өнімдері табылып, тәркіленді. Темекі өнімдері Нұр-сұлтан қаласындағы "Әмір" әмбебап базарының аумағында тиеліп, сату үшін Көкшетауға жіберілді. Тінту барысында ұқсас маркалы темекі табылды", - деп хабарлады ҚМА жұма күні.
   Мемлекеттік кірістер органдарының қорытындысына сәйкес темекінің құны Т20 355 000 құрайды.

adimage