Алматы. 15 тамыз. ҚазТАГ –Генуядағы автокөлік көпірінің опырылуына ағымдағы қызмет көрсетудегі кемшіліктер себеп болған, деп мәлім етті Италия көлік және инфрақұрылым министрі Данило Тонинелли.
«Маған ағымдағы қызмет көрсету жұмыстарының жеткіліксіз екенін және орын алып отырған жәйттің соның куәсі екенін айту өте ауыр», - деп келтіреді «Известия» басылымы Rai телеарнасының эфиріндегі Д.Тонинеллидің сөзін. .
Бұл ретте министр көпірдің соңғы кездері жүргізілген жұмыстар салдарынан құлауы мүмкін екенін жоққа шығарды. Шенеунік сондай-ақ, мұндай қайғылы жайттардың Италия секілді өркениетті елде орын алмау керегін атап өтті.
Еске салсақ, ТЖ 14 тамыз күні ертеңгісін А10 автожолында болған. Көпір арқылы 35 жеңіл көлік пен 3 жүк көлігі өтіп бара жатқан. Көліктер 70 м биіктіктен құлаған.
Италияның жол инфрақұрылымына қызмет көрсетететін Autostrade per l'Italia компаниясы аталмыш жәйттің нысанды жабуды нығайту бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде орын алғанын мәлімдеді. ,
Соңғы ақпар бойынша 31 адам опат болған. Көбі ауыр жарақат алған.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34