Индонезияда күші 4,4 балдық жер сілкінісінен 2 адам қаза тауып, 20-дан астамы зардап шекті

Алматы. 19 сәуір. ҚазТАГ - Индонезияда күші 4,4 балдық жер сілкінісінен 2 адам қаза тауып, 20-дан астамы зардап шекті, деп хабарлады ТАСС.
«Жер сілкінісі шамамен жергілікті уақыт бойынша 13.30-да (Астана уақытымен 12.30 – ҚазТАГ) халқы тығыз  қоныстанған Ява-да орналасқан Орталық Ява провинциясының Банджарнегар қаласының маңында орын алған.  (…) Жер сілкінісі салдарынан 2 адам көз жұмып, 20-дан астамы түрлі деңгейдегі жарақат алған», - делінген бейсенбіде Ұлттық табиғи апаттардың алдын алу жөніндегі агенттігіне сілтеме жасалған хабарда.  
Хабарда айылғандай, күші 4,4 балды құрайтын жерасты дүмпулері жүздеген үйлер, мектеп пен мешітті қиратқан.  2 мыңнан астам жергілікті тұрғын арнайы орталықтарға орналастырылған.  
Хабарда атап өтілгендей, 18 мың аралдан тұратын әлемдегі ең ірі Индонезия архипелагы Тынық мұхитындағы Отты шеңберде орналасқан. Сондықтан тектоникалық табиғат өзгерістері бұл жерде күніне орташа есеппен 5-6 рет болып тұрады.  

adimage