Галидулла Азидуллин Экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

   Астана.31 қаңтар.ҚазТАГ- Галидулла Азидуллин Экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды , деп хабарлады премьер- министрдің баспасөз қызметі.
   «Үкіметтің қаулысымен Галидулла Азидоллаұлы Азидуллин Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды»,- делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
  2022 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясының басшысы болды, 2020 –      2022 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы болып жұмыс істеді, 2009 – 2020 жылдары Су ресурстары комитетінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

adimage