Ерте үйлену - кедейліктің салдары, деп санайды БҰҰ

Астана. 15 ақпан. ҚазТАГ – БҰҰ қорының ел халқы саласындағы (ЮНПФА) ерте үйленумен күрес жөніндегі «Жоқ, келіспеймін!» (I don’t) компаниясы 14 ақпан әулие Валентин күні басталды.
БҰҰ бүкіл әлемдегі қыз балаларды өз құқықтарын қорғауға және мәжбүрлі түрдегі ерте үйленуден бас тартуға шақырды.
«Әлемдегі әр бесінші қыз бала балиғат жасына толмай ерте күйеуге шығады екен. Күн сайын ондаған мың бала келін атанады. Ерте кезден үйлену – бұл кедейлік пен гендерлік теңсіздіктің бүлдіргіш салдары», - деп атап өтті ЮНФПА.
ЮНПФА сарапшыларының бағалауынша, көптеген ата-ана өз қыздарын күйеуге ерте беру арқылы олардың мұңсыз болашағын қамтамасыз етеміз деп ойлайды. «Алайда шын мәнінде қыздар өмірлік құлдыққа түседі, мектептерін тастап, тәуелсіз болу мүмкіндігінен айрылады», - делінген ұйым хабарында.

adimage