Ерлан Өтегенов прокурор болып тағайындалды

   Астана. 27 мамыр. ҚазТАГ-Ерлан Өтегенов Нұр-сұлтан қаласының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
"Нұр-сұлтан қаласының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Ерлан Рахымжанұлы Өтегенов тағайындалды",-деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
  Өтегенов бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданының табиғатты қорғау прокурорының және прокурорының орынбасары, Ақмола облысының Целиноград, Егіндікөл аудандарының, сондай-ақ Алматы облысының Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқарма бастығы болған. 2019 жылдың маусым айынан бастап Нұрсұлтан прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

adimage