Эркинбек Исаков Бішкек вице-мэрі қызметінен кетті

Алматы. 14 тамыз. ҚазТАГ – Эркинбек Исаков Бішкек вице-мэрі қызметінен кетті, деп жазады ҚырТАГ.  
«Э.Исаков тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына жетекшілік еткен. Оның орнына басқа адам тағайындалған ба, жоқ па белгісіз. Бұл туралы «Азаттыққа» муниципалитет баспасөз қызметі хабарлады», - делінген сейсенбідегі хабарда.  
Бұған дейін жаңадан сайланған мэр   Азиз Суракматов муниципалитет аппаратының басшысы мен бірінші вице-мэрді ткағайындады. Олар  сәйкесінше, «Холдинг Аю» вице-президенті  Балбак Тулобаев және бұрынғы қаржы министрінің орынбасары Алмаз Бакетаев.  
Еске салсақ, Азиз Суракматов ұжымға бүгін, 14 тамызда таныстырылды. Қалалық кеңес оны 8 тамызда сайлаған.  

adimage