Қарағанды. 22 ақпан. ҚазТАГ – Мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдікпен Қарағанды тұрғыны ұсталды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.
«2024 жылғы 30 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасауда күдікті Қарағанды тұрғынын ұстады. Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды. Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 млн теңгеден артық құрады», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады
1 Қаңтар 2025, 00:51 -
Қазақстан синоптиктері 2025 жылғы қаңтар айына ауа райы болжамын ұсынды
31 Желтоқсан 2024, 16:11 -
Көкшетау полицейі әлеуметтік желідегі пікірлері үшін қудалауға ұшырағанын айтты
31 Желтоқсан 2024, 16:01 -
Астанада мереке күндері қоғамдық көліктер қалай жұмыс жасайды
31 Желтоқсан 2024, 15:30