Астана. 21 сәуір. ҚазТАГ – Электрондық аукционға шығарылған 15 учаскеден 23 сәуірде тек 8 учаске бойынша аукцион өткізілетін болады, деп мәлімдеді ҚР энергетика министрлігінен.
«Электрондық аукционға шығарылған 15 учаскеден 23 сәуірде тек 8 учаске бойынша аукцион өткізілетін болады, қалған 7 учаске бойынша «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 99-бабының 1-тармағына сәйкес қатысушылардың ең аз санының болмауына байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын беру аукционы өткізілмейді», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Ақпарға сәйкес, жаңа тетік нарықтың ашықтығын қамтамасыз етіп, бюрократияны азайтады және бизнес үшін де, мемлекет үшін де шығындарды айтарлықтай азайтады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын алған инвестор жергілікті атқарушы органмен жерді жалдау туралы шартқа қол қояды. Жобалау құжатын әзірлеу алдында әрбір жер қойнауын пайдаланушы жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндетті, делінген хабарда.
Аукционның барысын кез келген адам бақылай алады. Бұл үшін Оператор, яғни «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, жеке ашық аукцион залын құрды.
ҚР Энергетика министрлігінің Facebook-аккаунтында онлайн-трансляция кезінде көрмеге қойылған учаскелер бойынша ағымдағы жағдай орналастырылатынын және ол жарты сағат сайын жаңартылып отыратынын қосымша хабарлаймыз.
Қатысты сілтемелер
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17